Ғашықтар әні lyrics

Айдар Тұрғанбек

2017

3
2

Share:



Шұғыласын төгіп саған атқанда
Жүрегімде әнім болып жатталса
Ғашықтарды аялайтын арманға
Қол ұстасып бір өзіңмен аттансам

Қайырмасы
Шырқалар әнім ғашықпын жаным
Өзің болып бағым арайлым
Неткен бал сезім
Баурайды сөзің
Жанарыңнан сәуле тарайды

Күткенің әр сәт сағынып аңсап
Сүю деген бақыт не деген
Ұмытам бәрін сен барда жаным
Ғажаиып бір күйге бөленем

Сезім сендік сүйгеніңе от болса
Бақыт құсы алақанға кеп қонсын
Ғашық жандар дәл екеуміз сиақты
Жер бетінде шын сүйгендер көп

Қайырмасы
Шырқалар әнім ғашықпын жаным
Өзің болып бағым арайлым
Неткен бал сезім
Баурайды сөзің
Жанарыңнан сәуле тарайды

Сенсің менің бақытымда барымда
Жылытамын кеудемдегі жалынға
Шаттығымды тәтті мұңды бөлісіп
Өзің жаным жүрші менің жанымда

Қайырмасы
Шырқалар әнім ғашықпын жаным
Өзің болып бағым арайлым
Неткен бал сезім
Баурайды сөзің
Жанарыңнан сәуле тарайды

Айдар Тұрғанбек, Ғашықтар әні lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

04.04.2018
Users