Ала ала lyrics

Айбар Серкебаев

Ала ала

0
0

Share:


Үстіндегі көйлегін ала ала-ай
Бұран белін майысқан қалай қалай
Әнімізді арман қыз қабыл алып
Жанымызды ұққайсың жараламай

Әнімізді арман қыз қабыл алып
Жанымызды ұққайсың жараламай

Келбетінді күн сүйіп аймалаған
Кете алмайды қасыннан жай ғана адам
Жүрегімді тулатып асау аттай
Келе қалдын қалқам-ау қай қаладан

Жүрегімді тулатып асау аттай
Келе қалдын қалқам-ау қай қаладан

Киген көйлек үстінде ала ала
Қызығамын құмартып қарай қарай
Саған деген сұлуға сол сезімді
Сөндіріп ап жүрмеші абайламай

Ай мен күндей ажарын бір бұзылмай
Үлбірейсің үкілім қор қызындай
Қарамашы басқаға арман айым
Аялайын мәңгілік жұлдызым-ай

Өзіңді аңсап жүрегім бағынбайды
Сене басқа аруды сағынбайды
Саған мендей бір жігіт жар болса
Маған сендей асыл жан табылмайды

Үстіндегі көйлегін ала ала-ай
Бұран белін майысқан қалай қалай
Әнімізді арман қыз қабыл алып
Жанымызды ұққайсың жараламай

Үстіндегі көйлегін ала ала-ай
Қызығамын құмартып қарай қарай
Саған деген сұлуға сол сезімді
Сөндіріп ап жүрмеші абайламай
Айбар Серкебаев, Ала ала lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

31.10.2015
Music Videos
Айбар Серкебаев
Ала ала