Кел, қонағым бол менің

Ай Үміт Жолдасова & Әсем Бижан

2017

0
0

Share:





Загрузка...



Шамал тұнса кесеге
Қонақ келер қонақ келер
Қонақ келсе демейміз
Қайдан келер қайдан келер
Әр қонақтың өзімен
Несібесі келіп-ай
Қонақ келсе үйіңе
Мейрам келер мейрам келер

Қайырмасы
Кел,қонағым бол менің!
Жүрегімде қал менің
Әңгіме дүкен ақтарып
Бір шыны шәй ішейік

Шәй ішкенде қызығып
Өңің кіріп жасарып
Ашылады әп сәтте
Көңіл шіркін жайланып
Елдің бәрі жарқырап
Нұрдай жанып ғұмыры
Ақтарады ағымда
Өмір жырын шәй ішіп

Қайырмасы
Кел,қонағым бол менің!
Жүрегімде қал менің
Әңгіме дүкен ақтарып
Бір шыны шәй ішейік

Сары самаурын сарқылдап
Қайнап тұрса бұрқылдап
Жеңгейлердің жүздері жайнап тұрса жарқырап
Қонақтардың кесесін еппен ұста келін-ау
Жарасады келінге жайлап құйса шәйын-ау

Қайырмасы
Кел,қонағым бол менің!
Жүрегімде қал менің
Әңгіме дүкен ақтарып
Бір шыны шәй ішейік



Ай Үміт Жолдасова & Әсем Бижан Кел, қонағым бол менің lyrics, Ай Үміт Жолдасова & Әсем Бижан 2017


Загрузка...





Айгул

Corrected text

01.06.2018
Users