Толқыным lyrics

Ә. Еспаев

Толқыным

0
0

Share:


Мен сені кездестірдім
Тың дала құшағында
Өзіңді ер деп білдім
Шырмалдым тұсауыңда


Қопарып қара жерді
Толқындар жасап кеттің
Өзіңді содан бері
Толқын! - деп атап кеттім


Сол кезден айдын көлдей
Толқын боп тербелесің
Кеудеме дамыл бермей
Толқытып сен келесің


Тынымсыз шіркін жастық
Кеудеме дем береді
Сен еккен алтын астық
Толқын боп тербеледі


Толқыным, толқи бер сен
Толқынға оқталамын
Теңізден толқын көрсем
Өзің бе деп қаламын


Ұшқыннан жалын туар
Махаббат, өрши берші
Толқынға жаным құмар
Толқыным, толқи берші

Ә. Еспаев
Ә. Еспаев, Толқыным lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015