Сағыныш екен бала кез lyrics

Ә. Еспаев

Сағыныш екен бала кез

0
0

Share:


Армандай асыл ақ дәурен
Алыстап қалды-ау Қаракөз
Алаулап атқан таңдармен
Келмейді-ау сол бір бала кез


Тырналар ұшып өткенде
Түседі-ау еске бала кез
Қызғалдақ көрсем көктемде
Түседі-ау еске Қаракөз


Аққу кеп қонса көліне
Түседі-ау еске Қаракөз
Тырналар қайтса еліне
Түседі-ау еске бала кез


Сағынған жақсы бір сәтті
Сағыныш екен бала кез
Есіме алсам бір шақты
Арманым екен Қаракөз


Армандай асыл ақ дәурен
Алыстап қалды-ау Қаракөз
Алаулап атқан таңдармен
Келмейді-ау сол бір бала кез

Ә. Еспаев
Ә. Еспаев, Сағыныш екен бала кез lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015