Өзің де жігіт, қызықсың lyrics

Ә. Еспаев

Өзің де жігіт, қызықсың

0
0

Share:


Ғашық боп сырттан үзіліп
Қыз жоқта маған айтасың
Ол барда өңің бұзылып
Үндемей үйге қайтасың
Өзің де жігіт қызықсың!
Сырыңды қайдан қыз ұқсын?!


Жұмыстан қайтар кезіңде
Кеңсе алдына барасың
Тілдесе алмай өзімен
Сыртынан мәз боп қаласың
Өзің де жігіт қызықсың!
Сырыңды қайдан қыз ұқсын?!


Күн нұры түспей гүл өзі
Ашылар деме бекерге
Жігіттің жылы бір сөзі
Жібітпей қызды кетер ме?
Өзің де жігіт қызықсың!
Сырыңды қайдан қыз ұқсын?!

Ә. Еспаев
Ә. Еспаев, Өзің де жігіт, қызықсың lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015