Әлі есімде lyrics

Ә. Еспаев

Әлі есімде

0
0

Share:


Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны
Сырласумен жазғы таңның атқаны
Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдары
Ақ қайыңның желмен сыбдыр қаққаны


Қайырмасы:
Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез
Көз алдымнан кетпей қойды-ау, мөлдір көз!



Әлі есімде, бұлтсыз әлем аспаны
Арман бізді алға апарып тастады
Қара шашың мойыныма оралып
Жерге тамған мөлдір көздің жастары


Қайырмасы:
Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез
Көз алдымнан кетпей қойды-ау, мөлдір көз!



Содан бері өтті сәулем талай күн
Әлсін-әлсін суретіңе қараймын
Тағдыр бізді алыстатты, қоспады
Сыры ғой бұл екеуміздей талайдың


Қайырмасы:
Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез
Көз алдымнан кетпей қойды-ау, мөлдір көз!

Ә. Еспаев
Ә. Еспаев, Әлі есімде lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015