Рахмет саған

А-Элита дуэті

2017

0
0

Share:





Загрузка...



Сенің жаның нәзіктіктен жаралған
Сезімдерің жалынымен өртейді
Сендік мінез тұңғиықтан нәр алған
Сеніменен мейрам бағым көркейді
Сабырыңа қайран қалам сарқылмас
Берекемнің бірлігін құртпасын
Кәусар бұлақ көзіңдегі тартылмас
Отбасымның ақылшысы тұтқасы

Қайырмасы:
Өмірге алғысым көп менің
Өзіңмен бүгінім өткенін
Мен үшін өткізген күні түнің самалды көктемің
Ұлымыз қызымыз қарашы
Көзімнің ағымен қарасы
Ризамын аяулым бәрі үшін
Тағдырға таптырған жарасын
Рахмет саған,рахмет жаным
Ұлым үшін қызым үшін рахмет саған!

Сыр білдірмес қасыңада досыңа
Тектілігің сезінеді тегіңнен
Болашақты бір болжаймыз қосыла
Адастырмас армандар лебімен
Мен сенімен шың басына өрлеймін
Тыным таппай тіршіліктің көгінен
Сенен басқа ешбір жанды көрмеймін
Орын алдың жүрегімнің төрінен

Қайырмасы:
Өмірге алғысым көп менің
Өзіңмен бүгінім өткенін
Мен үшін өткізген күні түнің самалды көктемің
Ұлымыз қызымыз қарашы
Көзімнің ағымен қарасы
Ризамын аяулым бәрі үшін
Тағдырға таптырған жарасын
Рахмет саған,рахмет жаным
Ұлым үшін қызым үшін рахмет саған!


А-Элита дуэті Рахмет саған lyrics, А-Элита дуэті 2017


Загрузка...





Айгул

Corrected text

28.03.2018
Users