Сен барда

Айнұр Бабаева

2018

8
2

Share:





Загрузка...



СЕН БАРДА (OST "Тағы да сүй" ТК "Хабар")

Әнін жазған: Олжас Жақыпбек
Сөзін жазған: Қуаныш Жазай
Орындайтын: Айнұр Бабаева

Сен аңсайсың,
Қарсы алмаймын мен күліп,
Сезімімді сабырыма жеңдіріп,
Құшағыңа күліп кірмеймін,
Ұмыттым деймін,
Бекер, күнім.
Жасырамын көздерімнің ұшқынын,
Жасырасың қолдарыңның ыстығын,
Бұл сезім шын махаббат
екендігін,
Көріп тұрып, көре алмаймыз,
Сеніп тұрып, сене алмаймыз,
Алып ұшқан асыл тілекті,
Ғашық жүректі
Неге алдаймыз?

Қайырмасы:
Сен барда, мен барда,
Жетелер арманға,
Жаным-ау, мүмкін емес махаббаттың болмауы.
Сен барда, мен барда,
Бақыт бар жалғанда,
Мүмкін емес сезім алдауы.

Сөзің суық,
Көзің күліп тұрса да,
Сағынғанын сезіндіріп тұрса да,
Құшағыма күліп кірмейсің,
Ұмыттым дейсің,
Бекер, күнім.
Жасырасың көңіліңнің қалауын,
Жасырамын жүрегімнің алауын,
Бұл сезім шын махаббат
екендігін,
Көріп тұрып, көре алмаймыз,
Сеніп тұрып, сене алмаймыз,
Алып ұшқан асыл тілекті,
Ғашық жүректі
Неге алдаймыз?

Қайырмасы:
Сен барда, мен барда,
Жетелер арманға,
Жаным-ау, мүмкін емес махаббаттың болмауы.
Сен барда, мен барда,
Бақыт бар жалғанда,
Мүмкін емес сезім алдауы.
Айнұр Бабаева Сен барда lyrics, Айнұр Бабаева 2018


Загрузка...





Ешким Емем

Corrected text

03.09.2018