Ұшқын Жамалбек Мен қазақтың баласы (2018), songtext

Мен қазақтың баласы songtext

Ұшқын Жамалбек

2018

46
1

Teilen:



Мекені Алтай-Атыраудың арасы,
Тау бауыры, өзен-көлдің жағасы.
Жастайынан жеті атасын жаттаған, сақтаған,
Тегі мықты мен қазақтың баласы.

Жау қолынан жыртылмаған жағасы
Ат үстінде ғұмыр кешкен бабасы
Теуіп қалса темір үзіп кететін
Қайсар туған мен қазақтың баласы

Қайырмасы
Жаратқан алла панасы
Есігі байтақ даласы
Алашым деп аттанса
Ешкімнің келмес шамасы
Азаттығын, қазақ туын қорғаған, қолға алған.
Танысаңдар мен қазақтың баласы

Жасытпаған дұшпанының жаласы,
Жыр термеден табылатын дауасы.
Жанын берер барын берер ел үшін жер үшін,
Сертке мықты мен қазақтың баласы.
Топқа түссе тақымын қысар анасы,
Тулап кетсе тасты үгітер тарасы.
Ел сенімін, ер сенімін ақтаған сатпаған
Отты жүрек мен қазақтың баласы

Қайырмасы
Жаратқан алла панасы
Есігі байтақ даласы
Алашым деп аттанса
Ешкімнің келмес шамасы
Азаттығын, қазақ туын қорғаған, қолға алған.
Танысаңдар мен қазақтың баласы.







Kommentare

Аятбек Сариев

16 August 2018

Жарайсын

ajsltanlimbai@gmail.com

29 Oktober 2020

Өте әсерлі Қазақтар алға!

Нурали

25 November 2020

өте керемет

Нурали

25 November 2020

Өте тамаша,керемет,күшті

Әділжан

27 Januar 2021

Өте күшті өлең

Әділжан

09 Februar 2021

әсерлі өлең

Альбина Рускулва

11 März 2021

мықты

SanjaR

08 Mai 2021

мықты

Мейрхат

Korrigierte Text

08.08.2018


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz