Мәншүк туралы ән songtext

С. Мұхамеджанов

Мәншүк туралы ән

0
0

Teilen:


Дауылмен тербеп оның жас бесігін,
«Мәншүк» деп ел атаған ерке есімін.
Адамша ақтау үшін ана сүтін,
Майданның, пулеметпен ашты есігін.


«Максимін» басқан сайын бас бармағы,
Жаулардың өлік болды жастанғаны.
Атысты ол от ішінде сүңгіп жүріп,
Секілді қамысты көл қасқалдағы.


Ай өткен, жылдар өткен, ғасыр өткен,
Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жеткен.
Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,
Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен.

С. Мұхамеджанов
С. Мұхамеджанов, Мәншүк туралы ән songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Kommentare

Айгерім

26 April 2016

Өте рухты ән!Рахмеееет)))))

GM

Liedtext sind hinzugefügt

28.10.2015