Расл мен Адок Айдай ақ келін (2018), songtext

Айдай ақ келін songtext

Расл мен Адок

2018

0
0

Teilen:



Елік қорғанын іздеп талғадың
Бізге бақыт теңеп алды қызды алғаның
Көктем ойың бұл,бақыт тойың бұл
Түнде күндей жылытатын түнде алтын бұл
Құшақ ашылып,шашу шашылып,
Осы тойды күткен екен бәрі асығып
Анам қуанып,әкең жұбанып,
Бүгін алар ақ батаны елден сұранып

Қайырмасы
Айдай ақ келін,бізге бақ келін
Бақытыңды мәңгілікке бізден тап келін
Сыйлап кереге болып өнеге
Ұлымыздың абыройын көтер төбеге

Аға жеңгелер іні келіндер
Екі жастың бұл бақытын көзбен көріңдер
Әпке жезделер тойды сезген ел
Балдыздарды жақын тартсаң бажа тез келер
Жекжат жұратын төрге жығатын
Естен кетпес той болсыншы алда тұратын
Достар жар салып қоршап айнала
Ел сүйсініп ақ келінге көзі байланып

Қайырмасы
Айдай ақ келін,бізге бақ келін
Бақытыңды мәңгілікке бізден тап келін
Сыйлап кереге болып өнеге
Ұлымыздың абыройын көтер төбеге






Айгул

Korrigierte Text

09.10.2018
Nutzer