Бұлдырап алдан.
Жағада тұрмын дауыстап.
Балалық кезім,
Бейкүнә сезім,
Ақ желкен болып алыстан.
Өкініп кейде,
Өксиді кеуде,
Өмірдің заңы қатал-ақ.
Ақ желкен дейін,
Аңсатты-ау кейін,
Алғашқы мөлдір махаббат.
Ақ пейіл аспан,
Моншағын шашқан,
Көз жасы бекер тізілмес.
Ақ желкен арман,
Шақырар алдан,
Үміттің жібі үзілмес. Нұржамал Үсенбаева, Ақ желкен songtext, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store