Жүректің сөзіне сенбейсің бе
Бойыңа еркіндік бермейсің бе
Өзіңді Қорланнан да артық сана
Мені əлде Естайдан да кем дейсің бе
Баспайын сынаққа бекер қадам
Сүймеген əлемді етер қадам
100% сезімің болмаса да
1% сенімің жетер маған
Қайырмасы
Мен сені 100% жақсы көремін
Қалайша жаныма қарсы келем
Тарихта қалса да қанша ғашық
Сен мендік тарих болып қалшы дер ем
Сезімді тек шыңға апарайық
Өзгенің есімін атамайық
Төлеген - Қыз Жібек болмасақ та
Қосылған қос ғашық атанайық
Болдың-ау сөзіме сенетіндей
Мен неге əлемге енетіндей
1% сенімің болса болды
100% күдікті жеңетіндей
Қайырмасы
Мен сені 100% жақсы көремін
Қалайша жаныма қарсы келем
Тарихта қалса да қанша ғашық
Сен мендік тарих болып қалшы дер ем!!!
МузАрт life, 100% жақсы көрем songtext, 2018 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store