Арманым ақ тілегім асығады
Жанамын от боп лаулап сен дегенде
Қалауын жүрек қалай жасырады
Қайырмасы:
Қызғалдақты белестегі
Терейік бір қалқажан
Бақыт ортақ емес пе еді
Қыз, жігітке әрқашан
Көктемнің алаулаған күндерінде
Аяулым желек атып гүлдедің бе?
Ән болып асқақтайды сағынышым
Жырақта жыл құсындай жүргенімде
Қайырмасы:
Қызғалдақты белестегі
Терейік бір қалқажан
Бақыт ортақ емес пе еді
Қыз, жігітке әрқашан
Білемін жүрегіңде дастан барын
Жарастық екі жастың ашқан бағын
Махаббат бесігінде тербелейік
Ашайық адал сырды жасқанбағын
Қайырмасы:
Қызғалдақты белестегі
Терейік бір қалқажан
Бақыт ортақ емес пе еді
Қыз, жігітке әрқашан
М. Маңғытаев М. Маңғытаев, Сағыныш songtext, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store