Ертең...

Қуандық Рахым

2018

57
0

Teilen:





Загрузка...



Көздеріне қарап тұрып көркем
Сүйгеніне сөз салмақшы ертең
Ертең бірақ ертегіңмен қалма
Бүгін бағын тауып қойып еркең
Сонда бәрі кеш болады мейлі
Өкініштен өртен

Арман барда жігеріңді сайла
Ертең деген ертең бітпес айла
Түніменен тынышталған тәтті ой
Таң атқанда жоқ болады қайда
Өміріңді өзгертетін өзің
Тағдырыңнан тайма

Қайырмасы:
Уақытыңның аша алмасаң құлпын
Көңіліңнен көшеді рас күлкің
Жастығыңның жалынымен жаса
Жалынсаң да қайтып келмес бұл күн
Бармағыңды тістеп қалма ертең
Барлығы да мүмкін
Барлығы да мүмкін.

Қарбаласта хабарластың кімге
Анашыңның халін сұра күнде
Мүмкін сәтте сезіміңді білдір
Мүмкіндігің болмай қалар мүлде
Бақытыңды бағалашы бүгін
Гүлсің деші гүлге

Кеммін деме артығы жоқ ел тең
Өртенсең де арманыңмен өртен
Өмір деген бес күн ғана бізде
Мәңгілікке сенбі шығар ертең
Жексенбіден жеңіс күтпе мүлде
Кетесің тез келсе.

Қайырмасы:
Уақытыңның аша алмасаң құлпын
Көңіліңнен көшеді рас күлкің
Жастығыңның жалынымен жаса
Жалынсаң да қайтып келмес бұл күн
Бармағыңды тістеп қалма ертең
Барлығы да мүмкін
Барлығы да мүмкін.
Қуандық Рахым Ертең... songtext, Қуандық Рахым 2018


Загрузка...





Kommentare

гуля

01 Mai 2018

өте керемет

Aset Okasov

23 Juli 2018

күшті

Admin

Liedtext sind hinzugefügt

25.04.2018