Динара Алжан Шымқала (2019), songtext

Шымқала songtext

Динара Алжан

2019

4
1

Teilen:



Ұлы жібек жолы барған
Оңтүстіктен орын алған
Түркістанның төрін алған Шымқала
Алтын сарай тұрғызғалы
Тартынбаған ұл-қыздары
Жарқылдаған жұлдыздары Шымқала

Қайырмасы
Басқалардан биік тұрған Шымқала
Тұрғындарын анасындай сүйіп тұрған Шымқала
Тамырындай терең жайып көркейе бер гүл қала
Құшағындай миллион адам сиып тұрған Шымқала

Амалы бар алаңдаған
Адамы бар жалындаған
Айдай сұлу ару қалам киелі
Араладым мың қаланы
Қыдырсамда мың қаланы
Қызығы мол Шымқаланы сүйемін

Қайырмасы
Басқалардан биік тұрған Шымқала
Тұрғындарын анасындай сүйіп тұрған Шымқала
Тамырындай терең жайып көркейе бер гүл қала
Құшағындай миллион адам сиып тұрған Шымқала







Admin

Korrigierte Text

30.05.2019
Nutzer
Musikvideos
Динара Алжан
Шымқала