Notice: Undefined index: Alternative in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 40

Notice: Undefined index: Blues in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 41

Notice: Undefined index: Children in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 42

Notice: Undefined index: Classical in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 43

Notice: Undefined index: Pop in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 44

Notice: Undefined index: Indie in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 45

Notice: Undefined index: Rock in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 46

Notice: Undefined index: Dance in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 47

Notice: Undefined index: Rap in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 48

Notice: Undefined index: Easy in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 49
Алтынай Жорабаева өмірбаяны

Алтынай Жорабаева


ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынай Жорабаева 1978 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Бейнеткеш ауылында дүниеге келген. Ол алғаш тыңдарман қауымға Шәмші Қалдаяқовтың «Өмір-өзен» атты әнімен танылды. Ал, оның «Арманыма ғашықпын» атты алғашқы альбомы 2002 жылы жарыққа шықты. 2000 жылдардың басын Алтынайдың шығармашылығының шарықтаған кезеңі деуге болады. Себебі, осы уақытта әнші «Азия даусы», «Discovery» (Болгария), «Александрия» (Египет), «Славян базары» (Белоруссия), «Янтарь жұлдызы» (Латвия) сияқты халықаралық байқауларға қатысып, бірде-бірінен жүлдесіз оралған жоқ. Ал, 2004 жылы Республика сарайында берген «Өмір-өзен» атты алғашқы шығармашылық кеші аншлагпен өтті.
Алтынай Жорабаева – жанды дауыста еш қиналмастан шырқайтын, өзінің орындаушылық шеберлігін әртүрлі бағытта көрсете алатын, диапазоны кең әнші. Ол кез келген әнді өзіне ғана тән әдемі мәнермен шырқап шығады. Сондай-ақ, Алтынайдың көп әншілерден артықшылығы деп оның көптеген халықаралық ән додаларына қатысып қана қоймай, басты жүлделерін жеңіп алғанын айтуға болады. Бұл дегеніңіз әншінің конкурстық шығармаларды орындауға деген зор қабілетін көрсетеді.
Алтынай патриоттық әндерді де нәшіне келтіре шырқайды. Оның репертуарындағы «Қазақстаным, алға!», «Егеменді Қазақстан» әндері патриоттық шараларда жиі орындалады. Ал, «Елімнің жүрегі – Астана» әні елордаға арнап жазылған жүздеген әндердің ішінде ерекше танымал болды. Сонымен қатар, Жорабаева ретро әндерді де жүректерге жеткізіп орындайды. Ол әр жылдары «Ақмаңдайлым», «Көктем вальсі», «Жұбайлар жыры», «Как молоды мы были», «Шынарым» секілді ретро әндерді сахнаға алып шықты.
Ал, дуэт жазу мәселесінде Алтынай жанындағы әншінің шығармашылық потенциалына айрықша мән береді. Осы уақытқа дейін ол бірігіп ән салған әншілердің ішінде осалы жоқ. Алтынай Жұбаныш Жексенұлымен бірге «Өмір-өзен», Сәкен Майғазиевпен бірге «Сағыныш сазы», Нұрлан Өнербаев және Сәкен Майғазиевтермен бірге Т. Базарбаевтың «Ауылым» әндерін шырқады. Ал, соңғы кездері ғаламторда оның Арай Айдархан атты жас әншімен бірігіп орындаған «Дариға-ай» атты әні хитке айналды.
Жорабаеваның репертуары өзге ұлттың әндеріне бай. Олар: өзбек әні «Баригяль», қырғыз әні «Жигиттин корки жарменен», тәжік әні «Пуру пуру», беларусь әні «Речанька», қытай әні «Chin dzan gau yuan», грузин әні «Тбилисо», түрік әні «Turnayy gozunden vurdum» және т.б.
Алтынайдың Аяулым, Айнара, Семанұр, Көркем атты үлпершектей 4 қызы бар. Денсаулық жағдайына байланысты бір жылдай шығармашылықтан қол үзген әнші жақында қайта іске кірісті. Ол қазір інісі Талғат Жорабаевпен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, концерт қоюды жоспарлап отыр.

Роза Әрен