Notice: Undefined index: Alternative in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 40

Notice: Undefined index: Blues in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 41

Notice: Undefined index: Children in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 42

Notice: Undefined index: Classical in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 43

Notice: Undefined index: Pop in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 44

Notice: Undefined index: Indie in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 45

Notice: Undefined index: Rock in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 46

Notice: Undefined index: Dance in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 47

Notice: Undefined index: Rap in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 48

Notice: Undefined index: Easy in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/biography.php on line 49
Роза Рымбаева өмірбаяны

Роза Рымбаева


Роза Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семейдің Жаңғызтөбе ауылында дүниеге келген. 1976 жылы «Алтын Орфей» байқауында С.Бәйтерековтің «Әлия» атты патриоттық әнін айтып, бас жүлде алған қазақтың кішкентай ғана қара қызының даусына тамсанбаған адам қалмады. Сол кездерде Роза халықаралық байқауларда Кеңес одағының атынан өнер көрсеткен жалғыз қазақ әншісі болды. Қазақстанда, жалпы ТМД елдерінде Розаның ғажайып даусын естімеген жан кемде-кем.Оны кей адамдар «Орта Азияның бұлбұлы», енді біреулер «Қазақстанның алтын даусы» деп атайды. Рымбаеваның даусы – 4 октаваға дейін жететін лирикалық сопрано.
Әнші өзі сұхбаттарында жиі айтатындай, оның қазіргі деңгейіне жетуіне бірден-бір себепші болған адам – марқұм болған жұбайы, дирижер Тасқын Оқапов. 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығына арналған ән байқауына қатысқан кезде мұның талантын байқап қалған дирижер дереу «Гүлдер» ансамбліне жұмысқа шақырды. Осы сәттен бастап, Рымбаеваның қазірге дейін жалғасып келе жатқан әдемі сахналық ғұмыры басталады. 1979 жылы Роза «Гүлдерден» өзінің жары Тасқын жетекшілік ететін «Арай» ансамбліне ауысты. 1977-1979 жылдары «Жыл әні» фестивалінің финалына шыққан кезде әншінің танымалдығы артып, ол КСРО-ның ең үздік он әншісінің қатарына кірді.
Рымбаева 1979 жылдан бастап қазірге дейін «Қазақконцерт» бірлестігінде жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, ол 1995 жылдан бері Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясында студенттерге сабақ береді. Әншінің негізгі мамандығы – музыкалық драма актері. Сондықтан болар, ол сұхбаттарында «әнші болмасам, театр немесе кино актері болар едім» деп жиі айтады. 1981 жылы Роза өзінің үлкен кинодағы дебюті – «Көріскенше, қош бол, Медеудегі» Раушан мен Әлия рөлдерін сәтті алып шықты.
Роза Рымбаева қазақ әншілерінің арасында әрқашан тек жанды дауыста ән шырқайтындығымен, жоғары кәсіби білімі және тәжірибесімен, ізденімпаздығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, әнші қазақ және орыс тілдерінде өз ойын өте еркін және сауатты жеткізеді. Роза әрқашан ізденіп жүреді, жыл сайын көрерменге жаңалық ұсынуға тырысады. Ол әр көктем сайын «Көктем шақырады» атты есеп беру кешін өткізеді. Сондай-ақ, көршілес ТМД елдерінде де жиі концерт береді. 2005 жылы Мәскеудегі жұлдыздар аллеясында оның есімі жазылған жұлдызды тақта ашылды.
ҚР Халық әртісінің репертуары әнге бай. Әнші «Бір бала», «Бипыл» сияқты халық әндерін, Шәмшінің вальстерін, патриоттық әндерді, орыс композиторларының әйгілі әндерін нәшіне келтіре шырқайды. Оның репертуарындағы «Қазақ елі», «Атамекен», «Әлия», «Құс жолы», «Любовь настала», «Цвети, моя земля!», «Нежность», «Наурыз-думан», «Түркістан», «Ертеңіме сенемін», «Куә бол» және т.б. әндері концерттерінде жиі орындалады.
Роза Рымбаева – қазақ эстрадасын жаңа деңгейге көтерген кәсіби әншілердің бірі де бірегейі. Ол өзінің еңбекқорлығымен, қайсар мінезімен, жан-жақтылығымен, кәсіби біліктілігімен көпке үлгі болып жүр. Роза Қуанышқызы өзінің қазірге дейін жеткен ең басты жетістігі екі ұлы мен сахнадағы 40 жыл өмірі деп есептейді.

Роза Әрен